Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 21-05 хаттамасына және Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулысына, сонымен қатар облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мектептерде 17 қаңтардан бастап 600-ге дейін оқушылары бар мектептерде – штаттық оқыту форматы, 600-ден астам оқушылар оқитын мектептерде – қашықтықтан оқыту форматы енгізіледі.