Жетісу облысы Білім басқармасының
"Көксу ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Бөлім туралы / Бөлім туралы Ереже

«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Алматы облысы білім

Басқармасының                                           2021 жылғы «    ».

____________________

№________ бұйрығымен  БЕКIТIЛГЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2021 жыл

«Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы әкімдігінің білім саласындағы басшылықты жүзеге асыратын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімі болып табылады. 

2. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 041200 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабекова көшесі, № 38.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау. Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Міндеттері:

1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың материалды-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;

3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;

5) ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;

6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;

  1. білім беру желілерін сақтау және дамыту, олардың білім беру үрдісін жетілдіру және білім беру жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту.

14. Функциялары:

1) бөлімдері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің қажеттілігін айқындау;

6) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін енгізеді;

7) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;

8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

11) аудандық, қалалық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;

13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

15) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

16) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша аудандық және қалалық мектеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

17) аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарыныңмемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

18) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауданның ауданның, қаланың немесе облыстық маңызы бар қалалардағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;

20) бюджет қаражаты есебіненқаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегіжоспарды қалыптастырады;

21) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

22) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

24) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;

25) аудандардағы, қаладағы немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандардағы, астанадағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

26) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

27) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

28) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;

29) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

30) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

32) білім беру ұйымдарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

33) мамандандырылған жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

34) ауданда білім беру бөлімінің құрылымын облыс басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;

35) тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру) келіседі;

35) ведомстволық бағынысты аумақта мектепке дейінгі, орта білім беру және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

36) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан (келісім бойынша) өз құзыретінің мәселесі бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті іске асыруға;

3) білім беруді дамытуды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;

4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

5) ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеуге, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

6) заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын, ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметі мен міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемінің басым бағыттарын анықтайды;

7) ведомствоға қарасты ұйымдардың мәні мен қызметінің мақсаттарын анықтайды;

8) заңнамаға сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдармен өндірілетін және босатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына келісім береді;

9) ведомствоға қарасты ұйымдарды дамыту жоспарларының орындалуын қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылау жасайды, талдау жүргізеді және олардың орындалуы бойынша есеп береді;

10) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін пайдалануға және сақтауға бақылау жасайды;

11) заңнамаға сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдардың мүліктерін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;

12) Мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты істер бойынша соттарда қуынушы, жауапкер, куәгер ретінде дербес немесе өкіл арқылы талап қоюға және сөз сөйлеуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

15) Өз өкілеттіктерін орындау үшін атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді.

 

3-тарау. Қызметін ұйымдастыру

 

16. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

    17. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

    18. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

    19. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі (Бөлім):

1)Бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

2)Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

3)Бөлім қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) белгіленген заңнама тәртібінде Бөлім қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

5) Бөлімнің барлық қызметкерлеріне қатысты бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

6) органдар мен өзге де ұйымдарда Бөлімді ұсынады;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмысты ұйымдастырады және оларға дербес жауап береді;

8) қазынашылық органымен бірлесіп Бөлімнің төлемдерді жүргізуі бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның аумақтық органының мүлкі

 

          21. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    22. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау.   Қайта ұйымдастыру және тарату

 

    24. «Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Алматы облысы Білім басқармасының Көксу  ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқарамағындағы ұйымдардың тізімі:

          1) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    2) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    3) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

   4) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар №5 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    5) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Темірғали  Исабаев атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    6) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    7) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     8) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жаныддағы шағын орталығы бар Бесқайнар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    9) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар  Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     10) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сындыбала Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     11) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Мұқаншы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;

       12) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

       13) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талапты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

       17) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қабан жырау атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

        18) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

        19) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

        20) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     21) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жеңіс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     22) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№12 орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесі;

     23) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

     24) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

          25) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Музыкалық мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

          26) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кәусар» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

          27) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

28) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

29) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

30) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдаурен» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

31) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

32) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

33) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

34) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

35) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еркемай» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

36) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

37) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

38) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

39) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

40) «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Сүлейменов Марат Бекбосынұлы
Жетісу облысының білім басқармасының басшысы
Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8 (72838) 2-02-95
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков к-сі, 42
© 2024 Жетісу облысы Білім басқармасының "Көксу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі