Жетісу облысы Білім басқармасының
"Көксу ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ашық мекеме / Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелді.

  "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді комитетіне:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

  3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.

А. Батырқожа

 

 

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 39/НҚ бұйрығымен
бекітілген

       

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

  Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.10.2020 № 390/НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.04.2021 № 129/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 229/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні
әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысын көрсету

Ақылы не тегін болуын

Мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін)

Пилоттық режимнің болуы туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

00403. Балаға білім беру және бос уақыт

76.

00403001

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою

Жеке тұлғалар

БҒМ

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

Мемлекеттік корпорация, Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде/проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін


 

"Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы"
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген.

77.

00403002

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

 "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелді.

78.

00403003

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелді.

79.

00403004

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде


 

 "Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелді

80.

00403005

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Арнайы білім беру ұйымдары

Арнайы білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде


 

 "Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелді

81.

00403006

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары

Мемлекеттік корпорация, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары

Ақылы/тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде


 

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20695 болып тіркелген.

82.

00403007

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

Жеке тұлғалар

БҒМ

Аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

Мемлекеттік корпорация, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындарылған)/қағаз түрінде


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

83.

00403008

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

Жеке тұлғалар

БҒМ

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, облыстардың,республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындарылған)/қағаз түрінде


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

84.

00403009

Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

Жеке тұлғалар

БҒМ

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, білім беру ұйымдары

Мемлекеттік корпорация, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

85.

00403010

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

Жеке тұлғалар

БҒМ

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (толық автоматтындырылған)


 

"Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген.

86.

00403011

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

Жеке тұлғалар

БҒМ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

Мемлекеттік корпорация, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20579 болып тіркелді

87.

00403012

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау

Заңды тұлғалар

БҒМ

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары

Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген.

88.

00403013

Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

Жеке тұлғалар

МСМ

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

 "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 тіркелді.

89.

00403014

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау

Жеке тұлғалар

МСМ

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде


 

 "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 тіркелді.

90.

00403015

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде


 

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген.

91.

00403016

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ

Тегін

Қағаз түрінде


 

 "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20509 болып тіркелді

00404. Баланы бағу және қамтамасыз ету

92.

00404001

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Жеке тұлғалар

Еңбекмині

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде


 

 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелді.

93.

00404002

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

94.

00404003

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

95.

00404004

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

Жеке тұлғалар

БҒМ

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)


 

"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14067 болып тіркелген.

96.

00404005

Бала асырап алу агенттігін аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту

Жеке және заңды тұлғалар

БҒМ

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде


 

 "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 тіркелді.

97.

00404006

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (толық автоматтандырылған)


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

98.

00404007

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Жеке тұлғалар

БҒМ

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тегін

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде


 

 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген.

698.

 Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.04.2021 № 129/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескертпе:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды үш секциядан тұрады: 000 00 000.

Бірінші позициядағы үш сан мемлекеттік қызмет көрсету саласын білдіреді.

Екінші позициядағы екі сан мемлекеттік қызмет көрсетудің кіші саласын (өмірлік жағдайды) білдіреді.

Үшінші позициядағы үш сан мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші саласы ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және нфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

БП ҚСАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЖССҚҚД – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

БЖЗҚ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

Мемлекеттік корпорация – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АҚ – акционерлік қоғам

РММ – республикалық мемлекеттік мекеме

РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын

ШЖҚ РМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын

РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі

"МРҚ" РМК – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

ӨБИ – ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің "Өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

БҚДА – Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

СЖРА – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

"Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

ДББҰ – дербес білім беру ұйымы

ҰК – Ұлттық компания


 



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Сүлейменов Марат Бекбосынұлы
Жетісу облысының білім басқармасының басшысы
Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8 (72838) 2-02-95
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков к-сі, 42
© 2024 Жетісу облысы Білім басқармасының "Көксу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі