Жетісу облысы Білім басқармасының
"Көксу ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Білім беру мекемелері / Қосымша білім беру

«Алматы облысы білім басқармасының  Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны - өз жұмысымен таныстыратын боламыз!

   
«Алматы облысы білім басқармасының  Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны - өз жұмысымен таныстыратын боламыз!

Көксу ауданы Балпык би кенті Измайлова 10а мекен-жайында орналасқан

«Өнер мектебі» 1976 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.2014 жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа ғимаратқа көшірілген. Ғимараттың жалпы аумағы -1000 кв.м.

Мектептің жобалық қуаты - 479, оқу сыныптар саны - 18.

 Қазіргі таңда 640 оқушы, 51 мұғалім  жұмыс жасайды. Өнер  мектебінің директоры Касымжанова Алия Максимовна

Оның ішінде:

1. Музыкалық аспаптық бөлімі :

- Домбыра - 118 оқушы

- Фортепиано - 68 оқушы

- Қобыз - 14 оқушы

2. Сурет бөлімі - 130 оқушы

3. Хореография бөлімі - 207 оқушы

4.Вокал және дәстүрлі ән бөлімі – 103

     Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік белсенді жеке, дара баланы қалыптастыру және балалардың шығармашылығын нығайту мақсатында жұмыс атқаруда.

2013 және 2016 жыл қатарынан Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қосымша білім берудің үздік мекемесі»  байқауында            I орын иеленіп, «Қосымша білім берудің үздік мекемесі» атанды.

Мектебімізде  6 авторлық бағдарлама жұмыс істейді.

1.Мұғалім Қасымжанова Алия «Фортепиано» сыныбына арналған арнайы бағдарлама.

2. Мұғалім Зейнел Гулия «Сәндік қолданбалы өнеріне» арналған бағдарлама.

3.Мұғалім Қайролданова Саулет «Хореография - би өнеріне арналған» бағдарлама.

4. Мұғалім Тулақбаева Гулнафист «Дәстүрлі ән» айту өнеріне арналған бағдарлама.

5.Мұғалім Темірова  Қаламқас «Жеткіншектерді домбыра ойнауға баулуға» арналған арнайы бағдарлама.

6.Мұғалім  Базаралин Алыбай «Қазақтың фольклорлық музыкалық аспаптарында ойнау өнері» бағдарлама.

2019 жылы мектебіміздің базасында Облыстық білім басқармасы, дене тәрбиесі,спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау» тақырыбында облыстық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы әдістемелік қолдау көрсету болатын.

2021 жылы  «Қосымша білім беру педагогтарының ізденіс жұмыстары туралы» аудандық вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының рөлі болатын. Жыл сайын оқушылардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету, оны арықарай дамыту мақсатында «Жұлдызды кеш», «Жеңісім саған- Астанам!», «Тәуілсіздік  - жыр, әнім» атты есеп беру концерттері мен тақырыптық көрме ұйымдастырылып отырады. Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық, жаһандық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленуде. Атап айтатын болсақ : Сочи , Дубай, Санкт-Петербург, Москва, Париж,Түркия мемлекеттерінен жүлделі орындар иеленіп СУПЕКР ФИНАЛҒА жолдама алып, ГАЛА концерттерде өз өнерлерін паш етуде.

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Сүлейменов Марат Бекбосынұлы
Жетісу облысының білім басқармасының басшысы
Кузбаев Қуат Жұмағұлұлы
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8 (72838) 2-02-95
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков к-сі, 42
© 2024 Жетісу облысы Білім басқармасының "Көксу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі